Маңғыстауда 83 келіден астам марихуана тәркіленді

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысында 83 келіден астам марихуананы заңсыз сақтаған күдікті ұсталды.

Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаменті

Оқиға Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында болған. «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу жұмыстарын жүргізген.

— 6 тамыз күні сағат 22:00 шамасында түскен жедел ақпарат негізінде ауылдағы шаруашылық нысандарының біріне тінту жүргізілді.

Нәтижесінде өсімдік тектес зат — марихуана салынған бес қап тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 83 келі 300 грамм болды, — делінген хабарламада. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. 27 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұған дейін, Маңғыстауда кен орнында мұнайды заңсыз өндіру туралы ақпарат тексеріліп жатыр.