- Азық-түлік бағасын өсірген кәсіпкерлер міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Облыста комиссия құрылды, барлық мәселелер қадағаланып отыр. Біз салық органдарынан электронды шот-фактураларды аламыз. Үстемеақы шегі бұзылған жағдайда кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деді Маңғыстау облысы сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рауан Мұхаев.
Ал облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын 10%-дан асырмау бойынша "Дана", "Дина", "Анвар", "Алтын-Фуд" және "Лидер"сияқты ірі сауда желілерімен меморандум жасалған.