Баланың қайтыс болғанын туыстары растады. Олардың айтуынша, бала кеше, 6 қазанда жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Туыстары баланың өлімі бұған дейін өзі тұтынған үй жағдайында дайындалған балықтан улануымен байланысты болуы мүмкін деп есептейді.
Баланың ауруханаға түскен әкесінің жағдайы тұрақтанған. Отбасының тағы екі ересек мүшесі облыстық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр.
Медициналық мекеме жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында үй жағдайында ысталған балықты тұтынған тұрғындардың ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Үш ересек адам мен 9 жастағы балада ауыр ботулизм белгілері анықталды. Оларға ботулизмге қарсы сарысу енгізілді.
Кейін балықтан уланып, ауруханаға түскен 9 жастағы баланың туыстары көмек сұраған еді.