Маңғыстауда балықтар жаппай қырылды: сынама қорытындысы қандай
АҚТАУ. KAZINFORM – Оқиға 7-шілде күні болған. Түпқараған ауданы Баутин елді мекенінің жағалауынан балықтардың өлексесі табылған.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары мен балық шаруашылығы басқармасының қызметкерлері сол күні оқиға орнына барып, теңіз суынан сынамалар алды. Бүгін сол зерттеулердің нәтижелері шыққан.
Экология департаментінің мәліметінше, зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің жүргізген талдаулары нәтижесінде, су сынамаларынан ластаушы заттар табылған жоқ.
Бірақ, соған қарамастан, құзырлы органдар Каспийдегі жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр.
Сонымен қатар, мамандар тұрғындарды осындай жағдайларға куә болса, хабарлауға шақырды.
Бұған дейін, Маңғыстауда теңіз жағалауынан өлген балықтар табылғаны туралы жазған болатынбыз.