Шара Маңғыстау облысында туристік маусымды ұзарту мақсатында ұйымдастырылған.
Сонымен қатар фестиваль еліміздің қонақжайлығын көрсетіп, өңірдің гастрономиялық мәдениетімен таныстырды.
Шараға 2400- ден астам адам мен танымал өнерпаздар қатысты.
Бұл күні TetysBlu саябағына кіру тегін болды. Тақырыптық саябақта 13 аттракцион тегін қызмет көрсетіп, балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, шара барысында сүт өнімдерін даярлау тәсілдері бойынша тегін шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
- Маған концерттік бағдарлама қатты ұнады. Әншілер ерекше әсер қалдырды. Сондай ақ, құрт дайындауды да үйрендім. Алдағы уақытта өңірімізде осындай іс- шаралар көбейсе екен, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Мадина Өмірзақ.