Маңғыстауда борышкерлерден 129 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

АҚТАУ. KAZINFORM — Міндеттемелерді орындау мақсатында борышкерлердің мүлкіне, оның ішінде 1 пәтерге, 2 жер учаскесіне және 2 автокөлік өндіріп алынды.

Фото: pexels

Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алименттердің уақтылы өндіріліп алынуын және мемлекет кірісіне қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізді.

Жыл басынан қабылданған шаралардың нәтижесінде балалардың пайдасына 82,3 млн теңге көлеміндегі алимент берешегі өтелді.

— Міндеттемелерді орындау мақсатында борышкерлердің мүлкіне, оның ішінде 1 пәтерге, 2 жер учаскесіне және 2 автокөлік құралына өндіріп алу шаралары қолданылды.

Балаларды асырау жөніндегі міндеттерді орындаудан жалтару және кірістерді жасыру фактілері бойынша 41 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 15 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актілері негізінде мемлекет кірісіне 46,8 млн теңге өндірілді, — делінген хабарламада.

Алимент бойынша берешегі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оның қорытындысы бойынша 33 адам тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірсе, 18 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.

Айта кетелік Түркістан облысында 50 борышкер алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапқа тартылған еді