АҚТАУ. KAZINFORM – Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданында болды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, 4 адам газдан уланып қалған. Салдарынан 3 адам қайтыс болды. Олар 30,16 және 13 жастағы бір отбасының балалары. Зардап шекен төртінші тұрғынның жағдайы ауыр. Ол балалардың нағашы апасы.
— 23-ақпанда Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі Қаламқас тұрғын үй массивінде 4 адамның газдан уланғаны анықталды. Оқиға орнында 3 адам қаза тапқан. Бір адам ауыр жағдайда Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Мұнайлы аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — дейді Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Әбдіраш.
Алдын ала болжам бойынша, газды қолдану талаптары бұзылған.
Бұған дейін, Маңғыстауда бір отбасының 5 адамы газдан уланып қалғаны туралы жазған болатынбыз.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.