Маңғыстауда демалыс орнында жасөспірім суға батып кетті
20:06, 09 Шілде 2024
АҚТАУ. KAZINFORM – Оқыс оқиға Tree of Life демалыс орнының аумағында болған. 17 жастағы жасөспірім сырғымалар арқылы суға секірген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8-шілдеде сағат 14:26-да Tree of life демалыс базасында 2007 жылы туған жасөспірімнің суға батқандығы туралы шақыру түскен. Бригада келгенде зардап шегушінің қайтыс болғандығы анықталды. Сондықтан мамандар полицияға хабар беріп, мәйітті оқиға орнында қалдырған.
Бұған дейін Ақтөбеде екі бірдей студенттің суға кетіп, оқу орнында қаралы күн жарияланғанын жазған едік.