АҚТАУ. KAZINFORM – 14-шілдеге қараған түні әлеуметтік желіде ер адамның әйелін пышақтап тастағаны туралы бейнежазба тарады. Оқиға Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы супермаркеттердің бірінің алдында болған.
Полиция күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.
Сондай-ақ «кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді».
Зардап шеккен әйел Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілген.
Бұған дейін күйеуінің үздіксіз соққысынан әрең қашып құтылған ақтаулық көп балалы ана туралы жазған едік.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.