Маңғыстауда халықаралық әскери жаттығулар басталды
АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтауға "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуына қатысатын Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжікстан елдерінің әскери қызметшілері келді.
Фото: ҚР ҚМ Ақтау горнизонының баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстауға ат басын тіреген шет елдік әскерилердің бір бөлігі әуе кемесімен, енді бір бөлігі Каспий теңізі арқылы келген.
Фото: ҚР Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі
Халықаралық "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы шілденің 8-17 аралығында өтеді. Жауынгерлік міндеттерді орындау бойынша біріккен іс-қимылдар "Оймаша" полигонының аумағында сондай - ақ, Қарақия ауданы Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде болады.
Фото: ҚР Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі
Оқу-жаттығу кезінде 5 елдің әскери контингенттері қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді. Оған 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700 ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылмақ.
Фото: ҚР Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі
Фото: ҚР Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіФото: ҚР Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.