АҚТАУ. KAZINFORM — Түпқараған ауданы аумағынан теңіз сүтқоректілерінің өлекселері әлі де табылып жатыр. 1 маусым күні 20 итбалықтың өлексесі анықталған. Бұл туралы облыстық экология департаменті хабарлады.
— 1 маусым күні Түпқараған ауданы Форт Шевченко қаласында су тұщыту зауытынан бастап Баутин «KCA» жағалауына дейінгі аралықта теңіз жағалауынан 20 итбалық пен 8 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылды. Соған орай, 2 маусым күні Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімі мамандары аталған аумаққа барып, теңіз жағалауынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізді. Сынама қорытындысы қосымша хабарланады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін, Каспий жағалауынан 300-ге жуық итбалықтың өлексесі табылған болатын.
Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлексесі табылды.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.