19 мамырда облыстық балық шаруашылығы басқармасының жануарлар әлемін қорғау қызметінің инспекторлары 35 итбалықтың және бекіре тұқымдас балықтардың елексесін тапқан.
— Осыған байланысты экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары аталған учаскеде теңіз суынан сынамалар алды. Су сынамаларын зерттеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін 10-11 мамыр күндері Түпқараған ауданының Баутин ауылындағы жағалаудан 37 өлі итбалық табылған еді. Сол кезде де облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары теңіз суынан сынамалар алды. Талдау нәтижелері бойынша судың құрамынан ластаушы заттар анықталған жоқ.
Бұған дейін, Каспий жағалауынан 300-ге жуық итбалықтың өлексесі табылған болатын.