9 маусым күні «Бозашы Мұнай» ЖШС «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында 1088 метр тереңдіктен бұрғылау құралының көтерілуі салдарынан өрт тұтанған еді.
Қызыл жалын әлі күнге өшірілген жоқ.
Бұған дейін мамандар кен орнындағы өрт қыркүйекте сөнуі мүмкін деп болжам жасаған еді.
Енді компания жыл соңына дейін өртті өшіруді жоспарлап отыр.
Орын алған жағдайға орай арнайы штаб құрылып, жұмыс жүріп жатыр. Өрттің ошағына бір тік, екі қиғаш ұңғыма қазылды. Соның арқасында ұңғымаға 40 мың текше метр су жіберіліп, апат болған жерден газдың шығуы төмендеген.
Осылайша апатты ұңғыманың сағасы тығыздалмақ.
- Біздің қолымызда жер астындағы газдың қай қабаттан шығып тұрғаны жөнінде бірде-бір ақпар болмады. Қиғаш қазылған екі ұңғыманың арқасында геологиялық ақпаратқа қол жеткіздік. Біз осы екінші жоспармен өртті ауыздықтауға сенімдіміз, - деді "Бозашы мұнай" ЖШС директорының орынбасары.
Айта кетсек, кен орнындағы өрттен бір адам зардап шеккен еді.