Маңғыстау ауданы әкімдігінің мәліметінше, қазір жағдай қалыпты. Аулаларына су кірген үйлерге көмек көрсетіліп жатыр.
- Шетпе ауылында сағат 11.50- де басталған өткінші жаңбыр сағат 12. 25 -ке дейін екпінмен жауып өтті. Кейбір су жиналатын аумақтарға, тұрғын үйлер мен ауласына су кету жағдайлары кездесті. Аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің 101 жедел желісіне 15 судан зиян шеккен тұрғын үй иелерінен қоңырау түсіп тіркелген. Ол үйлерге судан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге аудандық төтенше жағдай бөлімі мен ауыл әкімдігі бірлесіп су кеткен 12 үйлерді аралап қауіптілік деңгейін анықтап, мүмкіндігіне қарай көмектесуді жалғастырып жатыр, - делінген хабарламада.
Бұған дейін, Маңғыстауда жыл басынан бері 10 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылғаны туралы жазған болатынбыз.