Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да 121 итбалықтың өлексесі табылды
АҚТАУ. KAZINFORM – Өткен аптада Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағасынан 289 өлі итбалық жиналған болатын. Маңғыстау облыстық Балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкийдің мәлімдеуінше, бүгін 5 қараша күні тағы 121 өлексе анықталды.
Фото: Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы
«Итбалықтар солтүстік-батыстан соққан желден жағаға шығып қалған. Өңірге Алматы қаласындағы микробиология және вирусология институтының мамандары келіп, Форт-Шевченко, Баутино қалаларына жеткіздік. Олар сынама алуға жарамды өлекселерден материалдар алып бастады. Бұл – бас институт. Ал, осыған дейін келген ғалымдар сынамаларды алып кетті. Зерттеу жұмыстарының алдын ала қорытындысы шамамен 2-3 айда ғана шығады. Өйткені ол ұзақ процесс», - дейді Маңғыстау облыстық Балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.
Фото: Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда өлген итбалықтардың саны 300ге жуықтағанын жазған болатынбыз.
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.