Айтуынша, өлекселердің арасында жақын арада өлген аққулар да, ұзақ уақыт жатып қалғандары да бар.
Осы оқиға бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, құстардың жаппай өлімі тіркелмеген.
— Бүгін, 25 наурызда, Сайын Шапағатов ауылындағы жағалау сызығынан 11 аққудың өлексесі анықталды. Барлық құс белгіленген тәртіпке сәйкес жойылды. Жағалауда құстардың жаппай қырылу дерегі тіркелген жоқ, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Түпқараған ауданы мен Ақтау қаласының жағалау аймағында мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жағдай туралы құзырлы органдарға хабар беріліп, тиісті қызметтердің жұмысы ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, Қарақия-Қаракөл қорықшасының аумағында орналасқан Қаракөл көлінде құстардың қырылу жағдайлары тіркелмегені нақтыланды.
Бұған дейін, Каспий жағалауынан Қызыл кітапқа енген бірқазан өлі күйде табылған болатын.