- Боранқұл ауылында екпіні 9-16 м/с дейінгі желдің салдарынан Тәуелсіздік көшесіндегі 2 қабатты тұрғын үйден 100 шаршы метр және 40 шаршы метр қаңылтыр ұшып кеткен, - делінген баспасөз мәліметінде.
Айта кетсек, жыл басынан бері облыста қатты желдің кесірінен 12 ғимараттың шатыры ұшып кеткен.
Ал төтеншеліктер алдағы күндері қатты жел тұрып, дауыл болатынын, соған орай тұрғындардың сақ болуын ескертіп отыр.