Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында әкелінді.
— Түркістан қаласының әуежайына аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен жеткізілді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Осы күні Түркістан қаласында әскери қызметшіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жаназа намазы оқылып, марқұм туған жерінде жерленді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілерді аты-жөндері белгілі болғанын жазған едік.