АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтауда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың мәлімдеуінше, лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
— Ол аймақтағы мұнай компанияларында Қытай Халық Республикасының 8 азаматының еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат бергені үшін, кәсіпкерлерден жалпы сомасы 3,6 млн теңге пара алды деп күдікке ілінді. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, — дейді агенттіктің ресми өкілі.
Бұған дейін, Ақтауда су тұщыту зауыты екі есе көп ауыз су өндіре бастағаны туралы жазған болатынбыз.
Жамбыл облысында «Қазақтелеком» басшыларына қатысты тергеу аяқталды.
Астанадағы «Елорда Құрылыс Компаниясы» бөлімінің басшысы 10 жылға сотталды.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.