Өңірлік қадағалау органы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 118 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерін зерделеді. Заң бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты прокурорлық қадағалау шаралары қолданылды.
Сонымен бірге сот шешімдері негізінде екі жер қойнауын пайдаланушымен жасалған келісімшарттар жойылды. Кадастрлық құны 175,7 млн теңгені құрайтын екі жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Прокуратура бұл салада мемлекет мүддесін қорғау бағытындағы жұмысты одан әрі жалғастырады.
Осыған дейін Қостанай облысында құны 68 млн теңге болатын 3 мың га жер мемлекетке қайтарылғаны туралы жаздық.