Маңғыстауда құны 870 млн теңгелік 50 гектар жер мемлекет меншігіне өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік прокуратурасы мемлекетке құны 870 млн теңге 50 гектар жерді қайтарғаны белгілі болды.

Фото: АШМ

Маңғыстау көлік прокуратурасы әуе аймақ маңындағы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін заңсыз берілген жер учаскесін анықтады.

— Жер заңнамасын бұза отырып, бұл учаске 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 870 млн теңгені құрайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.

Ведомство мемлекеттік мүдделерді қорғауды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әуе маңындағы аймақтардағы бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.

Бұдан бұрын Жетісу облысында құны 237 млн теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылғанын жазғанбыз.