Маңғыстау аудандық прокуратурасының мәліметінше, азамат Н. биылғы наурыз айында алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.
- Сот шешімімен оған 15 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Алайда белгіленген тыйымға қарамастан, мамыр айының соңында ол тағы да алкогольдік масаң күйде көлік басқарған, - делінген ақпаратта.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Маңғыстау аудандық сотының үкімімен азамат Н. кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сотталушы сот залында қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін мас күйде автобус жүргізгендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.