АҚТАУ. KAZINFORM – Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша «West Oil Software» ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.
Сот шешімімен барлық тұлға кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрі тағайындалды.
Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында, сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.
Бұған дейін, Маңғыстауда «Oil Services Company» компаниясы бас директорының орынбасары 7 жылға сотталған болатын.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.