Маңғыстауда мұнай компаниясы қызметкерлеріне 197 млн теңге қарыз болып шықты
20:53, 18 Шілде 2025
АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтау қаласының прокуратурасы «Mangystau Oil Refining» ЖШС-де жалақы төлеу заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, заңсыздықтарды әшкерелеген.
Маңғыстау облыстық прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін кәсіпорын 241 қызметкеріне жалақы төлемегені анықталды. Жалпы берешек сомасы - 197 миллион теңгені құраған.
Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде, жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалып, оларға жалақы толығымен төленген.
- Жалақы төлеуді кешіктірген заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін, Маңғыстау облысында 90 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.