Полицейлер тінту кезінде үйдің ауласынан және ішінен екі түп қарасора, алты пакет марихуана, үш пакет синтетикалық есірткіге ұқсас зат, сондай-ақ есірткі құралдарын өлшейтін таразы мен буып-түюге арналған қалташалар тапқан.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес (есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) қылмыстық іс қозғалды.
- Барлық табылған заттар айғақ ретінде рәсімделіп, сот-сараптамалық зерттеуге жіберілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің бақылауында, - делінген хабарламада.
Бұған дейін, Таразда есірткіге қарсы ірі операция өткізіліп, жасырын зертхана жойылған болатын.