АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облысының прокуратурасы былтыр мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарға тексеру жүргізу барысында, «Oil Services Company» ЖШС-нің қызметінде жабдықтарды қабылдау кезінде заңбұзушылықтарды анықтаған. Соның негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілген.
Тергеп-тексеру шеңберінде кәсіпорын мен мердігер ұйымның басшылық құрамындағы үш тұлға ұсталған.
- Сот үкімімен аталған адамдардың барлығы кінәлі деп танылып, әртүрлі жазаға тартылды. Атап айтқанда, бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кәсіпорын бас директорының орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, кәсіпорынның бөлім басшысы мен мердігер компанияның директоры 2 жыл 4 ай мерзімге сотталды, - делінген хабарламада.
Сотталғандар 23 млн теңге көлеміндегі залалды өтеген. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Маңғыстау облысында киік мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.