АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде, ас дайындайтын қызметкерлердің бірінен стафилококк табылған. Ал тағы екі жұмысшы міндетті медициналық тексеруден өтпеген болып шықты.
- Ас үйден алынған 9 сынамадан ішек таяқшасы бактериялары, дайын тағамдардың 6 үлгісінен зиянды микроорганизмдер анықталды. Ал дәнді дақылдар көкөністер қоймасында сақталған. Асханада дымқыл тазалау жүргізілмеген, - дейді департамент басшысы Мұхтар Сербаев.
Ведомство басшысының айтуынша, сараптама қорытындысы сотқа дейінгі тергеу үшін полицияға берілген. Қазір асхана жабық. Бірақ оқушылар оқуын жалғастырып жатыр.
Бұған дейін Маңғыстаудың Бейнеу ауданында 11 оқушы бірдей диагнозбен ауруханаға жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.