Өткен жылы өңірде 243 өрт оқиғасы болған. Биыл өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында және көлікте тіркелген. Атап айтқанда, тұрғын үй секторында 102 өрт болды. Бұл өткен жылғы 96 оқиғадан 6-ға көп. Өсім 6,3%-ды құрады.
Ал көлік құралдарындағы өрт саны 8,1%-ға артқан. Биыл 107 көлік отқа оранса, 2025 жылы 99 машина қызыл жалыннан зардап шеккен.
Сонымен қатар әртүрлі нысанда 69 өрт болды. Ашық аумақтар мен салынып жатқан ғимараттарда тағы 3 өрт тіркелді.
– Осыған байланысты тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, электр және жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалануға, сондай-ақ автокөліктердің техникалық жағдайын тұрақты тексеруге шақырамыз. Өрт қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі, – делінген Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми ақпаратында.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау қаласының маңында қамыс пен жыңғылдың өртенгенін жазған едік.