Маңғыстауда теміржолға шығып кеткен көлік жүргізушісі қаза тапты
14:40, 05 Желтоқсан 2023
Маңғыстау облысының Шетпе ауылында Toyota Camry көлігі теміржол рельстеріне шығып кеткен. Автокөліктің 42 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Кazinform.
Шетпе ауылындағы теміржол бойында болған жол-көлік оқиғасы туралы шақырту 102 кезекші пультіне 4 желтоқсан күні сағат 04:50 шамасында түскен.
«Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.