Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

АҚТАУ. KAZINFORM — Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің 16 маусымдағы бұйрығымен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына генерал-майор Қуанар Базарбаев тағайындалды.

Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

Қуанар Базарбаев бұған дейін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Ол азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар саласында мол тәжірибеге ие. Білікті маман осы бағыттағы мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жылдар еңбек еткен.

Ал бұған дейін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарған Мұрат Мұханов Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Маңғыстауда құны 870 млн теңгелік 50 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазған едік.