Маңғыстауда жаңа жыл қарсаңында 12 сәби дүниеге келген
06:20, 02 Қаңтар 2024
Маңғыстауда жаңа жыл қарсаңында 12 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Kazinform.
- Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» орталығында 8 сәби дүниеге келді. Оның бесеуі ұл, үшеуі қыз бала, деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.
Ал, Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында 3 қыз бала, 1 ұл бала дүниеге келді.
Мамандардың айтуынша жаңа жыл қарсаңында туған нәрестелер мен аналарының жағдайы жақсы.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда.