Жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы (ПАЗ) соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Ал, автобуста 4 жолаушы мен кондуктор болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі (көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
— Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілді, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір апаттың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Бұған дейін, Маңғыстауда қиыршық тасты заңсыз өндірген компания анықталған еді.