Маңғыстауда жыл басынан бері 300-ден астам адам құтқарылды
Маңғыстауда жыл басынан бері өңір құтқарушыларының көмегімен 300-ден астам адам құтқарылып, 600-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Kazinform.
Облыста апатты жағдайдың алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуіне қарамастан төтенше оқиғалар мен өрт тұтану жағдайы жиі тіркеледі.
«Осы жылдың 9 айында Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 101 және 112 шұғыл қызметтер телефонына 150 мыңнан астам қоңырау түсті. Бұл ретте жергілікті құтқару қызметінің материалдық-техникаалық жағдайын жақсарту мақсатында облыс әкімдігінің үлесі зор. Тек осы жылы жергілікті бюджеттен маңғыстаулық құтқарушылардың паркі 33 дана арнайы өрт сөндіру және құтқаруға арналған, соның ішінде су айдындарында пайдаланылатын жаңа техникалармен толықтырылды», - деді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өңірлік азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.
Жалпы соңғы 28 жылда Маңғыстауда 5 мыңға жуық адам құтқарылып, оның 18 мыңнан астамы эвакуацияланған. 70-тен астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген.