АҚТАУ. KAZINFORM - Қайғылы жол апаты Мұнайлы ауданындағы «Южный» автожолында 24 наурыз күні болды.
Фото: Маңғыстау облысының полиция департаменті
Оқиға көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан болды.
«Kia» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Lexus» көлігіне соғылды. Жол апатының салдарынан «Kia» көлігінің екі жолаушысы мерт болды», - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта кісі өліміне әкелген жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
2006-2010 ж.ж. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыды. Мамандағы - журналист. Еңбек жолын 2008 жылы «Орталық Қазақстан» газетінде бастап, 2010-2015 ж.ж. «Халық сөзі», «Алаш айнасы» басылымдарында еңбек етті. «Экспресс К», «Аrbat.media.kz», ақпараттық сайттарында жұмыс істеген. 2022 жылдан mangystaumedia.kz қызметкері, 2024 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі.