Маңғыстауда жұмыссыздық мәселесі қалай шешіліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облысының Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі жұмыссыздық мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді.
Бүгінгі күні өңірдегі өзекті мәселелердің бірі — жұмыссыздық болып отыр. 2025 жылдың 3 тоқсаны бойынша облыстағы жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады.
— Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында аудан, қала тұрғындарымен кездесулер аясында өңірдегі ірі мекеме басшыларымен кездесу ұйымдастырылды. Бұл мәселе менің тұрақты бақылауда, - деді Н. Қилыбай елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.
Биыл әкім қабылдауына 700-ге жуық адам қабылданса, оның 80%-дан астамы жұмыссыздық мәселесімен келген. Бір ғана Ақтау қаласында осы мәселені реттеу мақсатында 18 ірі мекемемен меморандум жасалған.
Жұмыспен қамтудың Өңірлік картасына сәйкес, 28 441 адам жұмысқа орналастырылған, оның 62%-ы тұрақты.
Бұған дейін Нұрдәулет Қилыбай Ақтауда ауыз су тапшылығы толығымен жойылғанын айтқан еді.
Сонымен бірге, Маңғыстау облысында 16 жаңа жол салынып жатыр.