Маңғыстау облысының прокуратурасы талдау барысында кәсіпорынның тұрғындар мен кәсіпкерлерден электр энергиясына қосылу үшін заңсыз жоғары сома алғанын анықтады.
— Мысалы, «Ермагамбетова» жеке кәсіпкерінен 160 мың теңгеден астам ақша өндірілген, оның ішінде ғимаратын 380 вольттық электр желісіне қосу үшін 70 мың теңге заңсыз түрде бақыланбайтын шығындар есебінен алынған. Прокуратураның қадағалау актісі негізінде электр энергиясына қосу шығындары қайта есептелді: тұрғындар үшін қосылу құны 36%, ал кәсіпкерлерге 61% (380 вольт) және 52% (220 вольт) төмендетілді, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар кәсіпорын басшылығы тарифтердің негізсіз көтерілгені үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Бұдан бұрын отбасында аса ауыр жағдайға тап болған 342 бала мемлекет қамқорлығына алынғаны анықталды.