Бағдарламада өңірдегі жол сапасы, инфрақұрылым, жағажайлар мен тарихи орындардың жағдайы, тазалық мәдениеті және туризм саласының дамуы жан-жақты қарастырылды.
– Түсірілім тобы Маңғыстаудың көрікті жерлерін аралап, жергілікті тұрғындар мен сала мамандарының пікірін тыңдады. Өңірдің туристік әлеуеті мен бүгінгі ахуалы көрермен назарына шынайы форматта ұсынылады, – делінген хабарламада.
Бағдарламада Маңғыстаудың табиғи және тарихи нысандары, оларды сақтау, туристер үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері де қамтылады.
Айта кетейік, Маңғыстауға саяхат қанша тұратынын мынау сілтеме арқылы оқи аласыз.