Науқас жедел-жәрдеммен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер балада ауыр ашық бас-ми жарақатын, оң жақ төбе сүйегінің бас сүйек негізіне өтетін жаншылған көпжарықшақты сынуын, мидың жаншылуын, пневмоцефалияны, ликвореяны, мидың ауыр дәрежедегі ісінуін анықтады.
Нейрохирург дәрігер Ербол Кенжеваловтың жетекшілігімен шұғыл операция жасалды. Ота барысында бас сүйегіне трепанация жүргізіліп, жаншылған сүйек фрагменттері алынып, қатты ми қабығына пластика жасалған. Күрделі операция 21:40–та басталып, 00:10–да сәтті аяқталған.
— Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Бүлдіршін есін жиып, өздігінен тамақтанып жатыр. Әке-анасын таниды. Жағдайы тұрақты бақылауда, — дейді нейрохирург дәрігер Ербол Кенжевалов.
Бұған дейін, Каспий жағалауынан 300-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды.