Бұл ретте Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының жастары мен орталық жанынан құрылған волонтерлік корпус су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтарға барынша қолғабыс қылуда.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Манғыстау облысы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Гүлмира Баянқызы ағымдағы жағдайды бөлісті.
Белгілі болғандай, маңғыстаулық еріктілер Ақтөбеге 10 тоннаға жуық, ал Атырау облысына 21 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинаған.
«Облыс бойынша эвакуациялық пунктер мен жинау орталықтарына 1 032 ерікті жұмылдырылған. Қазіргі таңда олар гуманитарлық көмек жинау орталықтарында жұмыс істейді. Сонымен қатар, эвакациялық пунктердегі құлсарылықтарға барынша қызмет көрсетіп жатыр», - деді спикер.