АҚТАУ. KAZINFORM – Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығы бойынша, маңғыстаулық құтқарушылар «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны, құтқару операциясына қатысқаны үшін марапатталды.
Фото: Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен
«Ынтымақтастық үшін» төсбелгісін Ақтау қаласындағы Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы табыстады.
Фото: Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен
Марапатталған құтқарушылар:
• Сейталин Азамат Серикович;
• Аминов Тимур Владимирович;
• Айдаров Кани Манапович;
• Караев Саясат Мусаевич;
• Кенжегалиев Мажит Серикбаевич;
• Кулханов Азымбек Шиндаулетович;
• Кузембаев Ербол Ахметович;
• Мендибаев Наурызбек Ерланулы;
• Нугуманов Ардак Койшибекович;
• Тлеубергенова Айман Мынбаевна.
Фото: Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіненФото: Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен
Еске сала кетейік, бұған дейін ұшақ апатының салдарын жоюға қатысқан маңғыстаулық құтқарушылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапатталған болатын.
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.