Маңғыстау дзюдо федерациясының хабарлауынша, Қайрат Бурбасов Бразилиялық Фелип Лунаны, Франциялық Джоффрей Армандты, жартылай финалда Грузиялық Дмитрий Муладзені жеңіп, финалға жолдама алған. Финалда отандасы, 2024 жылы Лас-Вегаста әлем чемпионы атанған Атырау спортшысы Есмағанбетов Мейрамбекті ұтып, әлемдік доданың жеңімпазы атанған.
Қайрат Бурбасов — қазақ күресінен тұңғыш әлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, самбодан спорт шебері, дзюдодан спорт шебері, әлем чемпионы «Қара бура» — Нурдаулет Жарылғаповтың жеке бапкері.
Бұған дейін, Джиу-джитсудан әлем чемпионатында финалда қос қазақ қызы күресіп, Жібек Құлымбетова үздік шықты.