Маңғыстаулық жиһанкез түркі елдерін велосипедпен аралауға жолға шықты

Фото: Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстаулық жиһанкез Раббим Борашев «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәдени жылы аясында түркі мемлекеттерін велосипедпен аралап шықпақ. 

Жиһанкез Қоңырат-Хиуа-Үргеніш-Самарқанд-Ташкент-Түркістан-Тараз-Бішкек-Алматы-Ашхабад қалаларына барып, 4 500 шақырым жүруді жоспарлайды. 

— Ақтау қаласы күллі түркі әлемінің мәдени астанасы атанып жатыр. Осыған орай, Париждегі сапарым секілді түркі елдерінің ынтымақтастығын, бірлігін көрсету мақсатында жолға шықтым. Түркі мемлекеттерінің бірлігі бекем болғай, ақ жол тілеген халыққа алғысым шексіз, - дейді Раббим Борашев.

Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан

Бұған дейін, ақтаулық Руслан Чуровтың Антарктидаға саяхат жасағаны туралы жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ қазақстандық зейнеткер 5 мың шақырымды велосипедпен жүріп өтіп Парижге жеткенін де хабарлаған едік.