Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, ресейлік делегацияны Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары мен жастар ақ тілектерін айтып, шығарып салды.
Айта кетейік, жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ Ақтауда Вице-премьер Қ.Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіленін айтты.
Еске салсақ, Әзербайжан елордасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған Azerbaijan Airlines ұшағы Қазақстан аумағында апатқа ұшырады.
Ақтаудағы ұшақ апатының хронологиясы жарияланды.
Ақтаудағы әуе апатынан мерт болған қазақстандықтар анықталды.
Кейіннен ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды.