Прокурорлар қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.
Облыс прокуратурасы сот актісі заңды күшіне енгенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.
Аталған факт бойынша 11.12.2024 жылы компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.
Бұған дейін Маңғыстау облысындағы колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырғанын жазған болатынбыз.