Мәңгілік достық: Jibek Joly арнасында қазақ-қытай қарым-қатынасы туралы деректі фильм көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Қысқаметажды деректі фильмде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен елімізге келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары туралы баяндалады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшыларының екіжақты кездесулері кезінде табысты ынтымақтастықтың 32 жылындағы жетістіктер сарапталды.

Сондай-ақ инвестициялық саладағы ынтымақтастықты тереңдету, сауда құрылымын әртараптандыру мен тауар түрін көбейту, «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасын одан ары ілгерілету, екі елдің көлік байланысын кеңейту және мәдени-гуманитарлық саладағы көпқырлы өзара іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды. 

«Мәңгілік достық» қысқаметажды деректі фильмі бүгін сағат 19:15-те эфирге шығады.