20 шілде күні сағат 06.30-да Алматы-1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына «Маңғышлақ-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушысы шағымданып, аталған пойызда келе жатқан белгісіз біреудің оның 3-сынып оқитын қызына тиіскендігі туралы хабарлаған.
Алматы-1 станциясындағы ІІЖБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 19 жастағы жігітті анықтап, ұстады.
Ұсталған азамат Алматы қаласының ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР ҚК 121-бабы 4-тармағы (Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.