Оның айтуынша, кітап қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілінде 1000 данамен жарық көрген. Онда киелі Маңғыстау өңіріне қатысы бар 100 аңыз топтастырылған.
«Аталған еңбектің бірнеше тілде жарық көруінің басты мақсаты - Елбасымыздың үш тілділік саясатын қолдау және Маңғыстаудың көне әрі бай тарихы мен мәдениетін, қасиетті жерлері мен өзіне тән ерекше табиғатын суреттеп, әлемдік дәрежеде насихаттау», - деді облыс әкімі.
Жалпы Ералы Тоғжановтың айтуынша, Маңғыстау өңірінде рухани жаңғыру аясында 120-дан астам шара өткізілді. Оған жергілікті қалталы азаматтар 11 млрд теңгеден астам сомаға қолдау көрсетті.
«Мектептерді, ауруханаларды қажетті құрал-жабдықтармен, көлікпен қамтамасыз етуге мецанаттар жұмсаған қаржының көлемі 673 миллион теңгеге жетіп отыр. Қазақстандағы жер көлемі ең үлкен Қарақия ауданында 500 орындық 2 жатақхана мецанаттар көмегімен салынды. Жұмсалған қаржы 2 млрд 112 млн теңгені құрайды», - деді ол.