Маңғыстау аруы өңірдегі ең жасы үлкен ананы 8 наурызбен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Маңғыстау аруы-2017» Аяжан Сақиева өңірдегі ең қарт ана Сахауова Қанзияны 8 наурызбен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан аруы» байқауын ұйымдастырушылардың Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

Қанзия әже биыл 101 жасқа келді. Маңғыстауда туған кейуананың бүкіл саналы ғұмыры осында өтті. Өмірлік жары 24 жасында майданда қыршын кеткен соң, ұлы мен қызын жалғыз мәпелеп өсіріп, ел қатарына қосты. Әжейдің қазір 15 немересі, 44 шөбересі және 15 неменесі бар! Немерелерінің алды 57 жаста болса, үлкен келіні биыл 76-ға толды.

Сондай-ақ кейуананың 82, 97 және 99 жастағы інісі мен сіңлілері де бар.

Қанзия әже Аяжанға сәттілік, Ақтаудың атынан шығатын алдағы «Қазақстан аруы» байқауының финалында жеңіс тіледі. 

"Мисс Мангистау 2017" Аяжан Сакиева поздравила старейшую жительницу области Сахауову Канзию с 8 марта. Канзие-апа в этом году исполнился 101 год. Она родилась и всю жизнь прожила на Мангистау, ее муж погиб на фронте в возрасте 24 лет и она сама воспитала и вырастила сына и дочь. Канзия-апа рассказала о своей большой семье - у нее 15 внуков, 44 правнука и 15 праправнука! Старшему внуку - 57 лет, а старшей невестке - 76 лет. А еще у нее есть сестры и брат - им 82, 97 и 99 лет! Канзия-апа пожелала Аяжан удачи во всем и победы на предстающем финале Национального конкурса красоты "Мисс Казахстан", где Аяжан представит Актау.

Публикация от Miss Kazakhstan (@misskazakhstan_official) Мар 6, 2018 в 7:27 PST