Аудан орталығы Шетпе кентінде шағын оттегі станциясы жасақталды. Ондағы баллондардан оттегі құбыр арқылы 70 кереуетке жетіп тұр. Қазіргі таңда толық дайын.
Дегенмен қажетілік туындамаған соң іске қосылмаған. Сондай-ақ, аудандық аурухана жөнделді.
Аурухана ғимаратының сырты толықтай сырланып, көлік тұрағы үшін асфальт төселді. Аурухананың жансақтау бөлімінің іші толықтай жөндеуден өтті.
«Ауданда коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Сондай-ақ, жедел сатыдан бастап жансақтау бөліміне дейінгі жердің еденіне толықтай резеңке төселді. Ол оттегі баллондары мен басқа да керек-жарақ тасыған жағдайда кедергі келтірмейді. Аурухананың дәрілік қоры жеткілікті. Аудан көлеміндегі барлық дәріханалардағы дәрі-дәрмек есепке алынды. Қажетті дәрі-дәрмек артығымен келіп тұр»,- дейді Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов.