Маған бір ағаларым: «Маңғыстауда ауыл шаруашылығына басыңызды қатырмаңыз», деген еді. Маңғыстаудың ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндігі бар. 1907 жылғы мұрағат материалдарын қарадық. Сол жерде 70 мың өңір тұрғыны 1 млн 658 мың бас мал ұстаған. Бүгін 650 мың адам тұрса, мал басы 500 мың ғана. Бүгінде мүмкіндік бар», - деді өңір басшысы.
Оның айтуынша, өңірдің ауыл шаруашылығы саласы 9 айдың ішінде республика бойынша 16 орыннан бірінші орынған көтерілген.
«Енді ашығын айтқанда көлемі жағынан емес. Даму қарқыны жағынан алға шықты. Ет, бидай өңдеуді жолға қойдық», - деді Ерлан Тоғжанов.
Айта кетейік, шара барысында Ералы Тоғжанов қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілінде 1000 данамен жарық көрген «Маңғыстау аңыздары» атты кітапты таныстырды.
Сонымен қатар ол 2025 жылы әрбір маңғыстаулықты 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз етуге уәде берді.